KZNews.kz
Шоу-бизнес

Ирак Сүрия аумағына әскер кіргізуге дайын

Жандос

Ирак Сүрия аумағына әскер кіргізуге дайын.

«Associated Press» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 23 желтоқсан күні Бағдад қаласында Ирак Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өткен. Осыдан кейін премьер-министр Әділ Абдул-Махди: «Ирак үкіметі Сүрия аумағына АҚШ әскерінің шығарылуына байланысты ресми Бағдад аталмыш аймаққа әскер кіргізуге дайын» - деген мәлімдеген.

Естеріңізге салайық, желтоқсан айының 19-ы күні президенті Дональд Трамп Сүрия аумағынан АҚШ әскерін шығаратынын мәлімдеген. Оның бұл шешіміне АҚШ одақтастары мен Пентагон басшысы Жеймс Мэттис келіспейтіндігін айтқан. Бірақ Трамп өз шешімінде қалған.

"The Qazaq Times"

Жандос
Журналист
Автордың басқа материалдары →