Мектеп оқушысы үйде интернет байланысының нашарлығына байланысты зиратта онлайн режимінде оқуға мәжбүр болды. Бұл оның Zoom конференциясына қосылудың және онлайн сабақты жіберіп алмаудың жалғыз әдісі.
АҚШ-тың Колорадо штатында 15 жасар Кармелита Раэль ата-анасымен бірге таулы қожалықта тұрады, сондықтан үйде жоғары жылдамдықты интернет жоқ. Ұялы байланыс та нашар.
Кармелитаның анасы спутниктік интернетті қосқаны атап өтілді. Бірақ желді немесе жаңбырлы ауа-райы кезінде сигнал жоғалады. Аудандағы интернет сигналы жалғанған жер - жергілікті зират.
Бұл аймақта ұялы мұнараларды орнатуға шамамен 1,5 миллион доллар қажет екендігі нақтыланды.