"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Инспектор институты іс үстінде | "Айқын" газеті

Инспектор институты іс үстінде | "Айқын" газеті

Үкімет үйінде Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев елімізде қоғамдық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» мәдениетін қалыптас­тыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Кеңеске селектор режимде министр­лер, өңірлердің әкімдері, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің және полицияның аумақтық департаменттерінің басшылық құрамы қатысты.
Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов еліміздегі қылмыстық жағдай, ұрлықтарға қарсы қабылданып жатқан іс-қимыл шаралары, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және кәмелет жасына толмағандар арасында қылмыстың алдын алу, сонымен қатар қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері туралы баяндады.
Жиында Президенттің «Қазақстан­дықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген мін­деттерді және Қазақстан Республикасының 2019-2021 жылдарға арналған Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі Жол картасын жүзеге асыру бойынша шаралар талқыланды.
Бұдан өзге, құқықбұзушылықтардың алдын алу, қылмыспен күрес және қоғам­дық тәртіпті сақтау бойынша қабылданып жатқан шаралар, халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру, тұрғындарды тіркеу, әкімшілік және қылмыстық-процессуалдық қызметтерді цифрландыру, жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты нығайту бойынша ко­мис­сия қызметінің мәселелері жөнінде өңір­лер әкімдерінің, полиция департа­мент­­тері басшыларының есептері тыңдалды.
Кеңес барысында учаскелік полиция инспекторларының рөлін арттыруға, тұрғын үймен жапсарлас учаскелік поли­ция пункттерін салуға, мектеп инспек­тор­ларының институтын одан ары дамытуға ерекше көңіл бөлінді.

Айхан ШӘРІП

Дереккөз: Айқын
Автор
Жандос