Атыраудан Индонезияға дейін: Резонансты іске күдіктілердің табылған жері
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Индонезияда цунамиден 300-ге жуық адам қаза тапты

Индонезияда цунамиден 300-ге жуық адам қаза тапты

Өткен жұмада Индонезияның Сунда бұғазында болған цунамиден 300-ге жуық адам қаза тауып, 745 адам зардап шекті.

Елдегі Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне қарағанда, Цунами Суматра мен Жава аралдарының арасында Сунда бұғазында болған. Панте қаласы цунамиден ең ауыр зардап шеккен. 500-ге жуық тұрғын үй қираған.

Тексеру қорытындысы көрсеткендей, теңіздің алып толқыны Анак Кратау атты жанартаудың атылуынан пайда болған. Аталған жанартаудың белсенділігіне байланысты өңірде қыркүйектен бастап төтенше жағдай жарияланған болатын.

28 қыркүйекте Палу шығанағына жақын аралдарда 7,5 балл жер сілкінісі болып, 2 мың 500 адам адам қаза тауып, 500-ден астам адам із-түссіз жоғалған еді. Сол реткі апатта 70 мыңға жуық адам баспанасынан айырылған.

2004 жылы 26 желтоқсанда Үнді мұхитындағы жер сілкінісі мұхитқа шектескен 13 елден 226 мың адамның жанын жалмады. Соның 120 мыңы индонезиялық болған еді.

“The Qazaq Times”

Автор
Жандос