Өмір бойына сотталған Сұлтан Сәрсемәлиевтің бес баласының тағдыры белгілі болды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Импорт иірімі: отандық нарықта Ресей мен Қытайға тәуелділік артты

Импорт иірімі: отандық нарықта Ресей мен Қытайға тәуелділік артты
Фотоиллюстрация: Kznews.kz

Биылғы қаңтар–мамыр айларында еліміздің сыртқы сауда айналымы 56,3 млрд АҚШ долларына жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,3 пайызға артты.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, сауда-саттықтағы экспорт көлемі 30,4 млрд долларды құрап, 1,6 пайызға өсті. Ал импорт 26 млрд долларға жуықтап, 7,7 пайызға көбейді. Бұл импорт өсімінің экспорттан әлдеқайда жоғары екенін көрсетеді. Соған қарамастан Қазақстан 4,37 млрд доллар көлемінде оң сауда балансын сақтап отыр.

Жалпы, экспорт құрылымында дәстүрлі түрде шикізат басым екеніне күмән тумаған. Оның ішінде ең үлкен үлесті шикі мұнай мен мұнай өнімдері 44,6 пайызбен иеленеді. Одан кейін тазартылған мыс пен мыс қорытпалары тұр, үлесі 7,6 пайыз. Сондай-ақ, 5,9 пайыз мыс кендері мен концентраттары, 3 пайыз ферроқорытпалар және 2,8 пайыз бидай мен меслин үлесі бар. Бұл мысалдар Қазақстан экспортының әлі де болса табиғи ресурстарға тәуелді екенін аңғартады.

Ал импорт бағытында негізінен жоғары технологиялы әрі тұтынушылық өнімдер үлесі басым болып отыр. Елге ең көп әкелінген тауарлар қатарында жеңіл автокөліктер, телефон аппараттары, дәрілік заттар, мұнай газдары мен басқа газ тәрізді көмірсутектер бар. Сондай-ақ, электр генераторлары мен электр түрлендіргіштерінің импорты да 2,4 пайыз шамасында.

Деректерге қарасақ, еліміздің негізгі экспорттық серіктесі Қытай болып қала береді. Оның үлесі 19,9 пайыз. Одан кейінгі орындарда Италия - 16,4 пайыз, Ресей - 8,8 пайыз, Түркия - 7,6 пайыз Нидерланд (6,3%) және Өзбекстан - 5,8 пайызбен тұр.

Айтпақшы, импорт бойынша Қазақстан ең алдымен Ресейге 31,6 пайызға және және Қытайға 28,8 пайызға тәуелді. Сондай-ақ, негізгі жеткізушілер қатарында Германияның - 4,9 пайыз, АҚШ - 4,4 пайыз, Оңтүстік Кореяның - 2,5 пайыз және Түркияның - 2,2 пайыз үлесі бар.

Қорыта айтқанда, жыл басынан бергі кезеңде сыртқы сауда көлемінің ұлғаюы экономикалық белсенділіктің сақталғанын көрсеткенімен, импорттың экспортқа қарағанда жылдам өсуі ішкі өндірісті дамыту және экспортты әртараптандыру мәселесінің өзектілігін тағы да алға шығарып отыр. Яғни, шикізатқа тәуелді экспорт құрылымы мен дайын өнім импортының басымдығы Қазақстан экономикасы үшін бұрыннан келе жатқан негізгі сын-қатерлердің бірі болып қала береді.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.