Трамп Ресейге қарсы қатаң санкциялар енгізді: Қазақстанға әсері қандай болуы мүмкін?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

World Cleanup Day: Астанада жалпы қалалық экологиялық акция басталды

World Cleanup Day: Астанада жалпы қалалық экологиялық акция басталды
Фото: gov.kz

Астанада Дүниежүзілік тазалық күніне – World Cleanup Day-ге арналған жалпы қалалық экологиялық акция өтіп жатыр.

Тазалық шарасы республикалық «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Экологиялық акцияға қала тұрғындары, еріктілер, жастар, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері қосылды. Қатысушылар елордадағы саябақтар мен гүлзарларды, тұрғын үйлердің аулаларын, қоғамдық кеңістіктерді және ұйымдарға іргелес аумақтарды қоқыстан тазартып жатыр.

Сонымен қатар акция аясында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, ағаш көшеттері отырғызылуда. Ұйымдастырушылар елорданың тазалығы мен көгалдандырылуына үлес қосқысы келетін барлық тұрғынды экологиялық шараға қатысуға шақырды.

Жалпы қалалық тазалық шарасы 12 қыркүйекте басталған «Таза Қазақстан» күзгі экологиялық айлығы аясында өтіп жатыр. Бір ай бойы Астананың барлық ауданында санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жалғасады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай акциялардың мақсаты – қаланы таза әрі жасыл ету ғана емес, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттырып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үндеу.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.