KZNews.kz
Саясат

Иманғали Тасмағамбетов қызметінен кетті

Айжан Сыланова
Фото: ашық дереккөз

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) Бас хатшысы қызметіне Қырғызстан өкілі Таалатбек Масадыков ресми түрде кірісті, деп хабарлайды kznews.kz.

Осылайша, 2023 жылдың қаңтарынан бастап ұйымды басқарып келген Иманғали Тасмағамбетов қызметінен босатылды. Айта кетейік, одан бұрын ҰҚШҰ Бас хатшысы міндетін Беларусь өкілі Станислав Зась атқарған.

Ұйымның ресми сайтында жарияланған Жаңа жылдық құттықтауда Таалатбек Масадыков жаңа Бас хатшы ретінде таныстырылып, Иманғали Тасмағамбетовтің өкілеттігі ресми түрде аяқталғаны хабарланды.

Айжан Сыланова
Автордың басқа материалдары