Лондонда II Елизаветаның табытын күзеткен сарбаз өлі табылды, - деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі The Mirror басылымына сілтеме жасап.
Сарбаздың туыстарының сөзінше, 18 жастағы Джек Бернелл-Уильямс 19 қыркүйекте қаралы күні табытты күзеткен, ал екі аптадан кейін өлі табылған. Сарбаздың денесі Гайд-парк казармасында табылды.
Полиция қызметкерлері сарбаздың өлімі күтпеген жағдай болғанын айтып отыр. Басылым мәліетінше, Джектың отбасы "ол ханшайымның ақтық сапарында табытын күзеткенін мақтан тұтқанын" жазады.