Парашюті ашылмай қалып көз жұмған 18 жасар сарбаздың өліміне кінәлілер сотталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Яна Легкодимованы өлтіргендер жазасын өтеуге әлі жіберілмеген

Яна Легкодимованы өлтіргендер жазасын өтеуге әлі жіберілмеген
ашық дереккөзден

Атырауда 23 жастағы Яна Легкодимованы өлтіргені үшін өмір бойына сотталған Алтынбек Қатимов пен Ризуан Хайржанов әлі күнге дейін тергеу изоляторында отыр. Бұл туралы жергілікті "Ақ Жайық" басылымы хабарлады.

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, сотталғандар тиісті колонияға әлі жіберілмеген. Қазіргі уақытта олар өңірдегі тергеу изоляторында қамауда отыр.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, мұндай санаттағы сотталғандарды колонияға жеткізу үшін Ұлттық ұлан тарапынан арнайы қарауыл бөлінуі қажет. Осыған байланысты тиісті өтініш жолданған.

Алайда оларды нақты қашан колонияға этаппен жөнелту жоспарланып отырғаны әзірге белгісіз.

Еске салайық, бұл қылмыс 2024 жылдың 18 қазанында Атырауда орын алған. Тергеу барысында 23 жастағы Яна Легкодимованың қатыгездікпен өлтірілгені анықталып, кінәлілерге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер