Жанәбіловтің әйелі соңғы сөзінде судьяға өтініш айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Яна Легкодимованы азаптап өлтіргендер “Қара бүркіт” түрмесіне ауыстырылды

Яна Легкодимованы азаптап өлтіргендер “Қара бүркіт” түрмесіне ауыстырылды
Фото: ашық дереккөз

Яна Легкодимованы өлтіру ісі бойынша сотталған Алтынбек Катимов пен Ризуан Хайржанов Атыраудағы тергеу изоляторынан өмір бойына бас бостандығынан айырылғандарға арналған мекемеге этаппен жеткізілді, деп хабарлайды kznews.kz.

Дереккөз мәліметінше, сотталғандарды этаптау 19 сәуір күні таңертең жүзеге асқан. Олар өзге де тұтқындармен бірге арнайы вагон арқылы жөнелтілген. Қолданыстағы тәртіпке сәйкес, алдағы этап туралы оларға жолға шығардан небәрі бір сағат бұрын ғана хабар берілген.

Бұған дейін этаптаудың нақты мерзімі жария етілмеген еді. Сот үкімі заңды күшіне енгеніне қарамастан, сотталғандар бірнеше ай бойы тергеу изоляторында болған.

Қаза тапқан қыздың анасы бұған дейін құзырлы органдарға жүгініп, сотталғандардың жазасын өтеу орнына қашан жіберілетінін түсіндіруді сұраған.

Өңірлік қылмыстық-атқару жүйесі департаменті этаптау арнайы күзет бөлінгеннен кейін және барлық талаптар сақтала отырып жүргізілетінін мәлімдеген. Қазіргі таңда, қолда бар ақпаратқа сәйкес, сотталғандар өмір бойына жазасын өтейтін колонияға жеткізіліп жатыр.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.