KZNews.kz
Шоу-бизнес

Хакім Абайдың Алматыдағы шөбересі Айдар Ақылбай өмірден озды

KZNEWS

Хакім Абайдың Алматыдағы шөбересі Айдар Ақылбай өмірден озды. Бұл туралы "Жидебай-Бөрілі мемлекеттік қорық мұражайының директоры Жандос Әубәкір жазды.

Айдар Бағфурұлы 1949 жылы туған. Абайдың шөбересі. Абайдың баласы Ақылбайдан – Әлімқұл, Әлімқұлдан – Бағфур, Бағыфурдан Айдар туған.

Алматыда Политехникалық институтты бітірген соң, Айдар жолдамамен Ақтауға қызметке барады. Сол жақта жары Светлананы (ұлты қазақ ) кездестіріп шаңырақ көтереді, жалғыз ұлы Данияр 1971 жылы дүниеге келген.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары