KZNews.kz
Шоу-бизнес

"Хабар" агенттігіне жаңа басшы келді

Арман

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Алан Әжібаев басқа қызметке ауысуына байланысты "Хабар" агенттігіне жаңа басшы келді

НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз – Sputnik. "Хабар" агентігінің жаңа басшысы болып Ерлан Бекқожин тағайындалды. 

"Хабар" Агенттігі" АҚ басқарма төрағасы қызметіне Ерлан Бекқожин тағайындалды", - деп жазылған агенттіктің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Ол осыған дейін Қазақстан Республикасы президенті телерадиокешенін басқарды.

Ерлан Бекқожин 1963 жылы дүниеге келген. Қазақ радиосында "Панорама дня" ақпараттық бағдарламасын жүргізді, сондай-ақ "Жеті күні" бағдарламасының авторы және жүргізушісі болды.

© Sputnik / Болат Шайхинов

Ерлан Бекқожин

"Айқын" және "Литер" республикалық газеттерінің негізін қалаушы-меншік иесі, баспагер (2003-2009).

Ал 2009 жылы "Қазақстан Республикасы президентінің телерадиокешені" коммерциялық емес акционерлік қоғамының бас директоры болып тағайындалды.


sputniknews.kz
Арман
Автордың басқа материалдары