KZNews.kz
Шоу-бизнес

Гүлзира Айдарбекова Қытайға не үшін барғанын айтты

Дархан Тоқан
Фото: Ашық дереккөзі

Белгілі продюсер, Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова үш ай бұрын жаңа үй сатып алғанын айтып, қазір сол баспананы жабдықтау жұмыстарына кіріскенін көрсетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі Қытайға арнайы барып, үйге қажетті жиһаз бен тұрмыстық заттарды қарап жүрген сәттерін әлеуметтік желіде бөлісті. Айтуынша, көп уақыттан бері түрлі шаруаларға байланысты жаңа үйіне көңіл бөлуге мүмкіндік болмаған.

«Сіздермен бөлісіп отырайын. 3 ай бұрын, үй алып қойып едім. Жанымның рахатына таза ауада, қалағанымдай етіп жасап алып тұрсам деп. Шапқылаумен қол тимей, оның үстіне баламның үйін бітіріп алайын деп шапқылаумен қол тимей, енді кірісіп жатырмыз», – деді Гүлзира Айдарбекова.

Продюсердің айтуынша, жаңа үйі өзіне тыныштық пен жайлылық сыйлайтын, табиғатқа жақын жерде орналасқан.

Дархан Тоқан
Автордың басқа материалдары