Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Адал келінім... Дүниеге бала алып келді": Гүлзира Айдарбекова елге сүйінші жаңалығын жеткізді (ВИДЕО)

"Адал келінім... Дүниеге бала алып келді": Гүлзира Айдарбекова елге сүйінші жаңалығын жеткізді (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.

Продюсердің айтуынша, әулетіне жаңа немере қосылған. Ол келіні Айгерімді ерекше ілтипатпен атап, жүрекжарды жазбасын жариялады.

"Біздің шаңырағымыздың шырайын кіргізіп жүрген, талай қайғымды жүрек жылуымен, күннің нұрындай мейірімімен жеңілдеткен, бүкіл әулетіміздің ақ батасын алған, атасын айрықша қадірлейтін адал келінім Айгера бүгін бір Ханшайымды дүниеге әкелді. Өмірімнің бір бөлшегіне айналған қымбатты оқырмандарым, "көп тілеуі – көл" демекші, жаңа өмірге қадам басқан немеремізге ақ ниетті дұға-тілектеріңізді аямаңыздар. Қатты жақсы көремін деуге де именемін, Алла көз тимесін, көп көрмесін. Атасын да осы қуанышқа ортақтастырып, келінімізді құттықтап қойыңыздар. Сүйіншіге атасынан 5 адамға 5 мың теңгеден болсын! Аллаға сансыз шүкір, биыл үш ұлымыз да немерелі болып, жүрегімізді шуаққа толтырды. Баланың санын айтпайды дейді ғой, шүкір, шүкір, Аллаға шүкір!" – деп жазды ол.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер