Елдегі ең ықпалды әйелдер. Олар кімдер?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Гүлзира Айдарбекова мен бірнеше блогер заңсыз лотерея үшін айыппұл арқалады

Гүлзира Айдарбекова мен бірнеше блогер заңсыз лотерея үшін айыппұл арқалады
Сот. Көрнекі фото: Witthaya Prasongsin/Getty Images

Қазақстанда әлеуметтік желілер арқылы заңсыз лотерея ұйымдастырған бірқатар блогер мен танымал тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы сегіз айында лотерея туралы заң талаптарын бұзған 69 әлеуметтік желі аккаунты анықталған.

Оларға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 445-бабының 1-бөлігі бойынша айыппұл салынған. Жауапкершілікке тартылғандардың қатарында Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова, актриса әрі блогер Әсел Асқар, Аружан Әбілова, Айым Алтынбекова және Елдос Қадірханов бар.

Гүлзира Айдарбековаға 196 600 теңге көлемінде айыппұл салынған. Ал Әсел Асқар 648 750 теңге төлеуге міндеттелді. Сондай-ақ Аружан Әбілова, Елдос Қадірханов және әлеуметтік желіде "aekaposh" лақап атымен танымал Айым Алтынбековаға 648 750 теңгеден айыппұл салынған.

Министрлік дерегінше, ең ірі айыппұл "aitoli_aktau" аккаунтына тиесілі. Оның мөлшері 525 АЕК немесе 2 064 300 теңгені құраған. Ал ең төменгі айыппұл көлемі 50 АЕК, яғни 196 600 теңге болған. Бұдан бөлек, лотерея заңнамасын бұзған тағы бірнеше танымал әлеуметтік желі аккаунты әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер