Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова кейінгі уақытта ұмытшақтық жиілегенін айтып, денсаулығына қатысты жағдайын бөлісті.
Продюсердің сөзінше, қатты уайым мен күйзелістен кейін есте сақтау қабілетінде өзгерістер байқалған. Кейде тіпті үйдегі адамдардың есімін ұмытып қалатын кездері болатынын жеткізді.
"Қатты қайғырған кезде адам ұмытшақ болып қалады екен. Сондай ұмытшақтық пайда болды. Үйдегілердің атын ұмыта бастадым. Бір дәрумен ішіп жүрмін. Әйтпесе кәдімгідей есімді жоғалтып кеттім", – деді Гүлзира Айдарбекова.
Ол бұл жағдайды өзі бастан өткерген күйзеліс пен ұзақ уақыт бойы жиналған уайыммен байланыстыратынын айтты.
Продюсердің бұл мәлімдемесі желі қолданушыларының да назарын аударды. Оқырмандар оның денсаулығына алаңдаушылық білдіріп, дәрігерге қаралып, өзіне көбірек көңіл бөлуге кеңес берген.
Кейбір желі қолданушылары мұндай ұмытшақтық ұзақ уақыттық күйзелістен немесе жас ұлғаюына байланысты болуы мүмкін деген пікір қалдырған.