«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Грецияда Олимпиада алауы жағылды: Жапония коронавирусқа қарамастан жазғы ойындарға дайындықты қызу түрде жалғастыруда - Қазақстан жаңалықтары

Грецияда Олимпиада алауы жағылды: Жапония коронавирусқа қарамастан жазғы ойындарға дайындықты қызу түрде жалғастыруда - Қазақстан жаңалықтары

Грецияда 2020 жылы Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарының алауы жағылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Рәсім ежелгі гректердің өміріне сәйкестеліп өткізілген. Дәстүр бойынша Олимпиада оты аспандағы Күннен жағылады екен. Тарихта алғаш рет салтанатты рәсім көрермендердің қатысуынсыз өткен, шараға тек ресми тұлғалар ғана шақырылыпты . 

19 наурызға дейін Олимпиада алауы Греция аумағын қамтып өтеді. Содан кейін Греция астанасы Афиныда жалын Токиядағы сайыс ұйымдастырушыларға тапсырылады. 

26 наурызда Жапонияға жеткен алау бүкіл ел аумағын аралайды деп күтілуде. Бұл жағдай 24 шілде күні Олимпиада ойындарының басталуына дейін созылмақшы. 

Қазіргі таңда Жапония билігі Токияда өтеді деп жоспарланған спорт жарысына коронавирсқа қарамастан белсенді түрде дайындалуда екен. Елдің премьер-министрі Синдзо Абэ өзінің АҚШ президенті Дональ Трамппен әңгімесінде дайындық алғашқыда жоспарланған күйі жалғасуда екендігін айтыпты. 


stan.kz
Автор
Нұрсұлтан