Бұған дейін алаяқтыққа қатысты дауға байланысты қоғам назарында болған Жанәбіловтер отбасының есімі тағы да әлеуметтік желідегі дау-дамайдың ортасына түсті, деп хабарлайды kznews.kz.
Бұл жолы Threads платформасында блогер Эльмира Төлегеноваға тиесілі делінген ескі хат алмасудың скриншоттары қайта таралып, әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды.
Желіде жарияланған хатта қазақ халқына қатысты ауыр әрі қорлайтын сөздер жазылғаны айтылып отыр. Скриншоттағы мәтінде:
«Не люблю говно казахами работать», – деген сөздер келтірілген.
Аталған хат алмасудың шынайылығы әзірге ресми түрде расталған жоқ. Дегенмен, әлеуметтік желі қолданушылары бұл жазбаның бұған дейін де интернет кеңістігінде тарағанын, ал оның қайта жариялануы қоғамда жаңа талқылауға себеп болғанын айтуда.
Оқиғаға байланысты пікір білдірушілердің бір бөлігі мұндай сипаттағы мәлімдемелерге құқықтық және қоғамдық тұрғыдан баға берілуі қажет деп есептейді. Сонымен қатар, әзірге Эльмира Төлегенова аталған жазбаларға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін Жанабіловтер отбасы алаяқтыққа қатысты даудың аясында қоғамдық назарға іліккен болатын. Енді әлеуметтік желіде қайта тараған бұл жазбалар қоғамда қызу пікірталас туғызып отыр.