ка

Головкин мен WBA чемпионы арасындағы жекпе-жек бойынша келіссөз басталды - Бокс

09.11.2018 17:07
0
3
Қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) промоутері Том Леффлер екінші орта салмақта WBA Super белбеуінің иегері және Бүкіләлемдік бокс суперсериясының (WBSS) жеңімпазы британиялық Каллум Смиттің (25-0, 18 КО) ісін жүргізетін әріптесі Эдди Хирнмен келіссөзді бастады. Бұл туралы talkSports тілшісі Майкл Бенсон мәлімдеді. Головкин - Смит жекпе-жегі 2019 жылы "Ливерпуль" футбол клубы матчтарын өткізетін "Энфилд" стадионында болуы мүмкін. "Хирн бүгін Леффлермен WBA және The Ring белбеуі үшін Смит - Головкин жекпе-жегін келесі жылы мамырда "Энфилд" стадионында өткізуді талқылады", - дейді Бенсон. Қазан айының соңында Леффлер алғаш рет Головкин - Смит кездесуі туралы айтып, өзге британиялық Билли Джо Сондерспен (26-0, 12 КО) допингке байланысты белбеуінен айырылғандықтан онымен жекпе-жек өткізбейтінін нақтылап кеткен болатын.
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий