Израиль Президентінің сапары Қазақстанға қандай пайда алып келеді?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды

Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды
Фото: ашық деркккөзден

Британиялық боксшы, WBO тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы Дензел Бентли қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына үндеу жасады, деп хабарлайды kznews.kz.

Дензел Бентли өзінің әлеуметтік желілерінде WBO белбеуінің иегері, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлына арналған жазба жариялады.

Британиялық спортшы чемпионның тек сөзбен шабуылдап жатқанын айтып, Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды.

"Жәнібек маған тіл тигізіп, бұғаттап тастады. Мына "качокқа" біреу жеткізсінші: егер оның бокс лицензиясы болса және рингке шығуына рұқсат берілсе, келесі жолы жұдырықтасайық", - деп жазды Бентли.

Еске сала кетейік, бұған дейін Бентли мен Әлімханұлы сөзге келіп қалған болатын. Британиялық боксшы Әлімханұлы бір жылдық дисквалификациясын өтеп жатқанда, WBO-дан өзін толыққанды чемпион деп тануды талап еткен еді.

Қазақстандық боксшы болса Бентли онымен жекке-жекке шығуға қорқып отыр және титулды айқассыз иеленгісі келеді деп жауап берді.

"Енді ол менің ресми үміткерім. Ол менің титулымды жекпе-жексіз тартып алғысы келеді. Қазір ол жылап, бәрі оны қолдауы керек деп жатыр! Неге? Өйткені ол менімен жұдырықтасудан қорқады", - деді Әлімханұлы.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.