Әлеуметтік картина - 2025: өсім баяу, көңіл қаяу...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Геосаяси шиеленіс және нарық: мұнай өсіп, алтын неге құлдырады?

Геосаяси шиеленіс және нарық: мұнай өсіп, алтын неге құлдырады?
фото: ашық дереккөз

Соңғы аптада әлемдік қаржы нарығы күтпеген бағытқа бұрылды. АҚШ, Израиль және Иран арасындағы геосаяси шиеленістің күшеюі инвесторлардың мінез-құлқын түбегейлі өзгертіп, активтердің дәстүрлі логикасын бұзды. Нәтижесінде мұнай қымбаттап, ал қауіпсіз актив саналатын алтын керісінше арзандады, деп хабарлайды kznews.kz.

Орталық банктер бағытын өзгертті

Әлемдік ірі орталық банктер нарыққа нақты сигнал берді: арзан ақша дәуірі аяқталды.
АҚШ Федералдық резерв жүйесі 2026 жылы мөлшерлеме төмендейді деген үмітті сейілтті. Ал Еуропа мен Ұлыбритания керісінше пайыздық ставкаларды қайта көтеру мүмкіндігін қарастыруда.

Бұл шешімдер жаһандық нарықта несиенің қымбат болып қала беретінін көрсетеді. Демек, инвесторлар үшін тәуекел өсіп, қаржы ресурстарының қолжетімділігі шектеледі.

Нарықтағы бұрылыс: технологиядан геосаясатқа

Апта басында нарыққа оптимизм тән болды. Nvidia жаңа буын чипін таныстырып, технология секторында өсім байқалды. Алайда бұл ұзаққа созылмады.

Ирандағы оқиғалар мен Израильдің соққысы нарықтағы көңіл-күйді күрт өзгертті. S&P 500 индексі төмендеп, инвесторлар ықтимал әскери сценарийлерді бағаға енгізе бастады.

Қазір нарық технологиялық драйверлерден гөрі геосаяси тәуекелдерге тәуелді болып отыр.

Мұнай: басты бенефициар

Мұнай бағасы апта ішінде айтарлықтай өсті. Brent маркасы барреліне 110 долларға жақындады.

Сарапшылардың пікірінше, негізгі тәуекел — Ормуз бұғазы. Егер бұл стратегиялық бағыт жабылса, мұнай бағасы 150 долларға дейін көтерілуі мүмкін. Сондықтан нарықтағы басты интрига — АҚШ-тың әрі қарайғы қадамы.

Алтын: күтпеген құлдырау

Әдетте соғыс қаупі артқанда алтын бағасы өседі. Алайда бұл жолы керісінше жағдай байқалды — бағасы шамамен 8%-ға төмендеді.

Мұның басты себебі — өтімділік тапшылығы. Нарық құлдырағанда ірі инвесторлар қолма-қол ақшаға мұқтаж болып, алтын активтерін жаппай сата бастады. Соның салдарынан алтынның бір унциясы шамамен 4200 долларға дейін төмендеді — бұл соңғы бірнеше айдағы ең төменгі деңгей.

Күміс пен платина да осы үрдісті қайталап, шамамен 9%-ға арзандады.

Жаһандық турбуленттілікке қарамастан, теңге нығаю динамикасын көрсетті. Апта басында доллар 483 теңге болса, апта соңында 480 теңгеге дейін түсті.

Сарапшылар бұл үрдісті мерекелік күндер алдындағы ірі валюталық операциялармен және ішкі нарықтағы теңгеріммен байланыстырады.

Жергілікті қор нарығында мұнай-газ және энергетика секторлары көш бастады. Мұнай бағасының өсуі «ҚазМұнайГаз» акцияларын айтарлықтай көтеріп, жаңа рекордтарға жеткізді.

Ал банк және технология секторлары қысымға ұшырады. Kaspi.kz, Halyk Bank және басқа да ірі компаниялардың акциялары төмендеді.

Ең үлкен құлдырау авиация мен тау-кен секторында байқалды. «Air Astana» және «Kazatomprom» акциялары айтарлықтай арзандады. Бұл алтын бағасының төмендеуімен және жалпы нарықтағы пессимизммен байланысты.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.