KZNews.kz
Шоу-бизнес

Гастроэнтеролог дәрігер бауыр циррозында дұрыс тамақтану туралы айтты

KZNEWS

Цирроз ауруы кезінде бауыр тіндері бұзылады, бауырдың қалыпты тіндері тыртық тіндермен ауыстырылады, бауыр құрылымы бұзылады. Ағза өзінің функцияларын еңсере алмай қалады. Осыған байланысты, бауыр циррозында дұрыс тамақтану, диетаны  сақтау пациентті қолдаудың маңызды компоненті болып табылады. Ол науқастың өмір сүру сапасын жақсартуға және асқынулардың дамуын тоқтатуға мүмкіндік береді.

Бұл туралы гастроэнтеролог дәрігер, жоғары санатты гепатолог, медицина ғылымдарының докторы, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ ішкі аурулар кафедрасының профессоры  Александр Нерсесов айтып берді.

Бауыр циррозы кезінде дұрыс тамақтану келесідей қағидаларға негізделген:


Өнімдерді жылы күйінде ішу қажет, ас қорыту процесін бұзатын суық және ыстық тағамдарды тұтынбау керек.

Цирроз – өте ауыр сырқат, ал дұрыс тамақтану ережелерін орындамау бауыр энцефалопатия (кома), өңеш пен асқазанның кеңейтілген тамырларынан қан кету; асцит, көк бауырдың өсуі және оның қызметінің жойылуы секілді асқынуларға әкеледі.
KZNEWS
Автордың басқа материалдары