«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ғалымдар: Науқас емделгеннен кейін де коронавирус ағзада сақталады - Қазақстан жаңалықтары

Ғалымдар: Науқас емделгеннен кейін де коронавирус ағзада сақталады - Қазақстан жаңалықтары

Бір топ ғалым Бейжіңдегі медициналық орталықта зерттеу жүргізіп, денеде коронавирустың қанша уақытқа сақталатынын анықтады.

Бұл туралы мәліметтер MedicalXpress журналында жарияланды, - деп хабарлайды Stan.kz.

Ғалымдар 28 қаңтар мен 9 ақпан аралығында емделген Пекин ауруханасындағы 16 науқастың дерегін талдады. Олардың орташа жасы 35,5 жасты құрады. Нәтижесінде ауырған COVID-19-нің жартысында вирус симптомдар жойылғаннан кейін бір күннен сегіз күн аралығында ағзада болатындығы анықталды.

«Зерттеудің ең маңызды нәтижесі аурудың белгілері жоғалғаннан кейін науқастардың жартысының ағзасында вирустың бөлінуі жалғасты», - дейді зерттеу авторларының бірі дәрігер Локеша Шарма.

Ғалымдар науқас емделгенне кейін де карантинді тағы бір-екі аптаға ұзартуға кеңес берді.

Сондай-ақ, зерттеу нәтижелерінің әлсіз иммундық жүйесі бар егде жастағы науқастарға қатысы бар-жоғы белгісіз екендігі атап өтілді. Дәрігерлер вирустың денеде ұзаққа созылатындығын жоққа шығармайды.

ДДСҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша, әлем бойынша 570 мыңнан астам адам ауруды жұқтырды, 26,5 мың адам қайтыс болды.


stan.kz
Автор
Еркебұлан