Спорт

Футболдан Әлем чемпионатына қатысу арман күйінде қалды: Қазақстан - Уэльс 0:1

Футболдан Әлем чемпионатына қатысу арман күйінде қалды: Қазақстан - Уэльс 0:1
Фото: tengrinews.kz

Ойынның алғашқы тайымында алаң иелері қарымта шабуылға ден қойды. Бірақ бұл тактика өз жемісін бермеді. 26-минутта Киффер Мур есеп ашып, Уэльсті алға шығарды. Бұдан кейін қазақстандықтар батылырақ ойнады, алайда Кенжебек пен Чесноковтың соққылары голға айналмады. Матч соңында Мужиковтың соққысы қақпа бағанына тиіп, Астана аренаны бір сілкінтті.

Бұл жеңіліс – Қазақстан үшін қатарынан екінші сәтсіздік. Төрт кездесуден кейін үш рет ұтылған Али Алиев шәкірттері топтық кезеңде жүлделі орындарға таласу мүмкіндігін айтарлықтай жоғалтты. Ал Уэльс 10 ұпай жинап, көш бастады.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz