Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Францияның экология министрі отставкаға кетті

Францияның экология министрі отставкаға кетті

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Шенеунік өзінің достарына қымбат шарап пен теңіз шаяндарын алып берген

НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде — Sputnik. Францияның экология министрі Франсуа де Рюжидің мемлекет қаражатын жөнсіз жұмсаған. Бұл әрекеті әшкереленген соң отставкаға кетуге мәжбүр болды, деп хабарлайды РИА Новости.

Журналистер Франсуа де Рюжи Ұлттық ассамблея (Франция парламентінің төменгі палатасы) спикері қызметінде болған кезде де мемлекет қаражатына достарына дастарқан жайғанын анықтады.

Ол парламент спикері болған кезде мұндай әрекетке кем дегенде 10 рет жол бергені анықталды. 30-ға жуық адамды Франция мемлекетінің қаражатына тамақтандырып, қонақ қылған.

Тағы оқыңыз: Астанадағы элиталы мектептен шетелдік қылмыскер мұғалім қуылды

Отырыс кезінде түсірілген фотолардан арнайы рұқсатсыз ішуге болмайтын парламенттің қымбат шарабы мен омарларды көруге болады. 

Рюжи өзіне жала жапқан журналистерді сотқа берді. Бірақ министр қызметінен кетуге мәжбүр болды. Оның орнына Элизабет Борн келді.


sputniknews.kz
Автор
Әлихан