Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Фотограф Алматы тауларында ілбістің аң аулаған сәтін түсіріп алды

Фотограф Алматы тауларында ілбістің аң аулаған сәтін түсіріп алды
Фото: Дмитрий Доценко

Қазақстандық белгілі фотограф Дмитрий Доценконың объективіне Алматы маңындағы таулы аймақта ілбіс (қар барысы) ілікті.
Фотограф Алматы тауларында қар барысының аң аулаған сәтін түсіріп алды, деп хабарлайды kznews.kz.

Фотографтың сөзінше, ол сирек кездесетін жыртқышты тек көріп қоймай, жақын жерден суретке де түсіріп үлгерген.

    – Бүгін арманым орындалды – өз тауларымызда ілбісті көрдім! Бұл – Алматының символы әрі таудың нағыз иесі. Оны тек көріп қоймай, жақыннан суретке түсіру де бұйырды. Ілбіс маралды ұстап алып, жартастан төмен лақтырып, сол жерде асықпай қоректенді. Кейін жемтігін күзетіп тұрды. Дәл осы сәтте бірегей кадрлар түсіруге мүмкіндік туды, - деп жазды ол.

Ілбіс – Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек жыртқыш. Оны жабайы табиғатта көру өте қиын, себебі ол биік таулы өңірлерде тіршілік етеді әрі өте сақ жануар. Ілбіс Қазақстанда ұлттық парктер мен қорықтарды қоса алғанда, ерекше қорғалатын тоғыз табиғи аумақта кездеседі.

Еске салайық, бұған дейін Шарын шатқалында Қызыл кітаптағы сабаншы видеоға түсіп қалғанын жазғанбыз.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.