KZNEWS.KZ
Қоғам

Фельдшер Ұлдана Мырзуанның өлімі: іс сотқа берілді

• Айгерім Асылова
Фото: ашық дереккөз

Астанада қасбеттің құлауы салдарынан фельдшер Ұлдана Мырзуанның қаза болуына қатысты қылмыстық іс сотқа түсті,  деп хабарлайды kznews.kz.

Ішкі істер министрлігінің Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында Астана Полиция департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтағанын хабарлады. Іс Қылмыстық кодекстің 254-бабы 1-бөлігі "Міндеттеріне адал қарамау" бойынша жүргізілген.

6 тамызда қылмыстық іс материалдары сотқа жолданды.

Елордалық соттың баспасөз қызметі іс материалдарының түскенін, бірақ алдын ала тыңдалым күні әлі белгіленбегенін айтты.

Еске салайық, 2025 жылғы 8 қарашада Астанадағы Тәуелсіздік даңғылы, 24 Б мекенжайында орналасқан тоғыз қабатты үйдің қасбетінен кірпіш қаптама құлаған. Салдарынан бес адам зардап шекті. Олар №1 көпбейінді ауруханаға жатқызылды.

Бір пациенттің жағдайы өте ауыр болып, оған ота жасалды. Тағы екеуі жансақтау бөлімінде жатты, дәрігерлер олардың жағдайын ауыр деп бағалады. Қалған екеуі бөлімшеге ауыстырылды, олардың жағдайы тұрақты деп бағаланды.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →