Астанада ғимарат қасбетінің опырылуы салдарынан қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды, деп хабарлайды kznews.kz.
Ішкі істер министрлігі Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында Астана қаласының Полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді аяқтағанын хабарлады.
Тергеу Қылмыстық кодекстің 254-бабының 1-бөлігі – "Міндеттеріне адал қарамау" бойынша жүргізілген.
6 тамызда қылмыстық істің материалдары сотқа жіберілген.
Алайда ІІМ іс бойынша кімнің айыпталушы ретінде өтіп жатқанын жарияламады. Ведомство мұны қылмыстық іс материалдарының жария етуге жатпайтынымен түсіндірген.
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі де істің сотқа келіп түскенін растады. Қазіргі уақытта алдын ала сот отырысының өтетін күні әлі белгіленбеген.