KZNEWS.KZ
Қоғам

Фельдшер Ұлдана Мырзауанның өліміне қатысты сот ісі: анасының адвокаты мәлімдеме жасады

• Айгерім Асылова
Фото: ашық дереккөз

Бүгін Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты сот ісі басталады. Отырыс алдында марқұмның анасының адвокаты журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды kznews.kz.

Адвокат Нұрсұлтан Орынбековтің айтуынша, бұл іс Қылмыстық кодекстің 254-бабы ("Міндеттерге адал қарамау") бойынша қаралып жатыр және заңда МИБ төрағасының жауапкершілігі тікелей қарастырылған.

"МИБ төрағасы әкімдікке ақауларды жою бойынша ескертулер мен ұсыныстар беруі тиіс еді. Бірақ мұндай әрекеттер жасалмаған. Біз барлық мәліметті жариялай алмаймыз, алайда сот барысында бәрі белгілі болады", - деді ол.

Сонымен қатар, ол жәбірленуші тараптың тергеу амалдарына көңілі толатынын атап өтті. Фельдшердің анасынан бөлек, сол қайғылы күні зардап шеккен оның жұбайы мен басқа да тұлғалар іс бойынша жәбірленуші деп танылған.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →