Рейтинг қуу заманы артта қалды: Әкімдер мен министрлерді бағалаудың жаңа жүйесі несімен тиімді?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Еуроодақ Ресей тарататын жалған ақпараттармен күреспек

Еуроодақ Ресей тарататын жалған ақпараттармен күреспек

Еуропалық комиссия Ресей тарапынан келетін жалған ақпаратпен күресудің жоспарын әзірледі. Оның басты мақсаты – 2019 жылдың мамыр айында Еуропа парламентіне және 2020 жылы Еуропа елдерінде өтетін сайлауға Кремль тарапынан кедергі келтіруге жол бермеу.

Еуроодақ жалған ақпарат таратуда Ресей басты қауіп деп біледі. "Сүриядағы соғыс, Украинадағы MH17 ұшағының апатқа ұшырауы және Солсберидегі химиялық шабуыл кезінде ресейлік жалған мәлімет тарату кампаниясы күшті жұмыс істеді. Мұны дәлелдейтін құжаттар да бар. Енді басқа елдер де Ресейдің тәсілін үйреніп, жалған ақпарат тарату стратегиясын енгізуі мүмкін", – делінген Еуропалық комиссия ұсынған жоспарда.

Құжатта жалған ақпаратпен күресу үшін, арнайы институттар жұмысын күшейту ұсынылған. Сонымен бірге сыртқы саясат мекемесінің стратегиялық коммуникация жұмысының бюджетін екі миллион еуродан бес миллион еуроға дейін ұлғайту қарастырылған.

"The Qazaq Times"

Автор
Жандос