Астанада жаралы азаматты құтқару кезінде қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның жары жүрекке ауыр тиетін жазба жариялап, көпшілікті толқытты, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Әділет Зейнел өз жазбасында өмірлік жарына деген сағынышын былай жеткізді:
"Шаңырағыма сән, тіршілігіме мән болдың… Маңдайыма сыймадың ба, періштем? Сен менің мәңгі жүрегімдесің", – деп жазды қайғыдан қан жұтқан жұбайы.
Сонымен бірге ол енді істің әділ қаралуын қалайтынын ашық айтты.
"Ешқандай медаль да, ешқандай сөз де менің жүрегімнің иесін қайтара алмайды. Үйіме нұр, құт, береке әкелген адал жарымды жоқтап отырған кезде көңіл айтып, тілек білдірген бүкіл қазақ еліне алғыс айтамын. Осы күнге дейін жанында болып, Алладан оның жүрегін аман алып қалуды тілеп, дұға еттім. Ендігі тілегім – соттың әділ өтуі, тергеудің таза жүргізілуі. Құдай қосағыма тыныштық беру үшін бұл істі соңына дейін жеткізуім керек. Жауаптылар міндетті түрде жазасын алуы тиіс!", – деді ол.
Желі қолданушылары оның жазбасына жанашырлық танытып, отбасына сабыр тіледі.