Бұл туралы Біржан Хасанғалиевтің Instagram парақшасында хабарланды.
Жарияланған мәліметке сәйкес, тиісті шешімді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті қабылдаған.
Әлеуметтік желідегі хабарламада Біржан Хасанғалиевке жаңа қызметінде шығармашылық табыс пен сәттілік тілеген.
"Біржан Ескендірұлын жаңа қызметімен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық шабыт, толағай табыс және жаңа белестер тілейміз. Жаңа қызметіңіз жемісті болсын!" – делінген жазбада.