Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Есімов денсаулығының сыр бергені туралы Үкімет қаулысы неге жоққа шығарылды?

Есімов денсаулығының сыр бергені туралы Үкімет қаулысы неге жоққа шығарылды?

"Самұрық-Қазына" АҚ Қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Сергей Куянов Ахметжан Есімовтің "еңбекке уақытша жарамсыздығы" туралы ақпаратқа түсінік берді, деп хабарлады paryz.kz.

Бірнеше күн бұрын Kozachkov offside Telegram-арнасында Үкімет қаулысына ұқсас құжаттың суреті пайда болды.


"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы басқарма төрағасының еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңінде үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету мақсатында республика Үкіметі қаулы етеді:

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы міндетін атқару Алмасадам Майданұлы Сәтқалиевке жүктелсін", - делінген құжат мәтінінде.


Сергей Куяновтың айтуынша, Ахметжан Есімовтің жағдайы жақсы.
"Кеше, өздеріңіз көргендей, ол ресми іс-шараға белсенді қатысып, әріптестерімен, ұжыммен әңгімелесті. Ал Үкімет қаулысындағы тұжырымға келетін болсақ, бұл - бірнеше жағдайдың нәтижесі болды. Бір күн бұрын Есімов ПТР-тест тапсырып, күтпеген жерден коронавирус анықталды. Сондықтан үкіметтік құжатта осындай тұжырым жазылды. Бірақ қайта тестілеу және одан кейінгі екінші бақылау теріс нәтиже көрсетті. Яғни, біріншісі қате болған", - деді Сергей Куянов.

Сонымен қатар, ол бұл жағдай Есімовтің қызметтен кету туралы өзінің шешіміне сәйкес келіп қалғанын атап өтті.
Автор
Еркебұлан