KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

"Есентаева емеспін!": Танымал продюсер лифтіде тегіне қатысты шу шығарды

• KZNEWS

Әлеуметтік желіде бейтаныс әйелдің танымал продюсер Баян Алагөзованы (бұрынғы Есентаева) лифтіде кездестіріп қалған сәті кеңінен тарады, деп хабарлайды Kznews.kz

Ол қуанып, телефон камерасын қосып:

«Мен лифтіде Баян Есентаевамен тұрмын!», – деп айқайлаған.

Алайда Баян бірден жылы жымиып:

«Алагөзова, күйеуімнің тегі – Алагөзов», – деп түзеткен.

Осы тұста желі қолданушылары әртүрлі пікір жазды. 

    "Аузын жауып тастады ғой", "Миымызда Есентаев деп қалып кеткен", "Түк көрмегендей не болыпты Баян болса", "Күлкісі қандай жасанды, сұмдық", - деді оқырмандар.

KZNEWS
Қазақстан және әлем жаңалықтары
Автордың басқа материалдары →