Канье Уэстің концерті Алматы экономикасына 5 млрд теңге табыс әкелді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Ерсі көрінеді”: Сәкен Майғазиев пен Зарина Омардың тойдағы видеосы сынға қалды

“Ерсі көрінеді”: Сәкен Майғазиев пен Зарина Омардың тойдағы видеосы сынға қалды
Коллаж Sn.kz

Әнші Сәкен Майғазиев пен Зарина Омардың бірге түскен видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланып, оқырмандардың түрлі пікіріне себеп болды, деп хабарлайды kznews.kz.
 

Зарина Омар кезекті тойдан түсірілген бейнежазбасын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. Кадрларда оның Сәкен Майғазиевпен бірге отырғаны және әншімен қол ұстасқан сәттері көрінеді.

Жарияланымына Зарина Омар «Ұзатылатын адам сияқты...» деген пікір қалдырған.

Алайда бейнежазба желі қолданушылары арасында бірден қызу талқыға түсті. Кейбір оқырмандар Сәкен Майғазиевтің жұбайы Динараның киім үлгісіне қатысты сын айтып, енді бірі әншінің Зарина Омармен қарым-қатынасына назар аударған.

Әсіресе олардың қол ұстасып түскен кадры көпшіліктің көңілінен шықпаған. Желіде «Біреудің күйеуіне неге жақындайсың?», «Әйелі қасында тұрғанда ерсі көрінеді», «Жан жарымен қол ұстасып жүргені жарасады» деген мазмұндағы пікірлер жазылды.

Кейбір қолданушылар тіпті бұл жағдайды қызғаныш тақырыбымен байланыстырып, әншінің отбасына қатысты әзіл-сықақ пікірлер қалдырған. Өзге оқырмандар Зарина Омардың әрекетін орынсыз деп бағалаған.

Дегенмен әлеуметтік желідегі пікірлердің барлығы бірдей теріс болмаған. Бірқатар қолданушы мұндай кадрларға артық мән бермеу керектігін айтып, өнер адамдарының бірге түскен видеосын жеке өмірге қатысты әңгімеге айналдыруға болмайтынын меңзеді.

Осылайша той үстіндегі бір ғана видео әлеуметтік желіде түрлі болжам мен пікірге себеп болды. Ал тараптардың өздері бұл кадрларға қатысты қандай да бір түсініктеме берген жоқ.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.