100 = 70 - 30: қоғамдық пікір саяси шешімдерге қаншалықты ықпал етеді?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ермұхамет Ертісбаев қызметінен кетті: Қазақстан халық партиясын кім басқарады?

Ермұхамет Ертісбаев қызметінен кетті: Қазақстан халық партиясын кім басқарады?
Фото: Әлеуметтік желіден алынды

Қазақстан халық партиясының кезектен тыс съезінде партияның жаңа төрағасы болып Нұрсұлтан Шоқанов сайланды. Осылайша партияны бұған дейін басқарған Ермұхамет Ертісбаев қызметінен кетті, деп хабарлайды kznews.kz.

Жаңа төраға әлеуметтік желідегі парақшасында бұл күннің өзі үшін ерекше екенін айтып, съезд делегаттарына сенім білдіргені үшін алғыс айтты.

«Бұл – мен үшін үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Ермұхамет Қабиденұлы Ертісбаевқа партияның дамуына қосқан елеулі үлесі үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Біз қалыптасқан негізді сақтап, партияның дамуын жалғастырамыз», – деп жазды ол.

Шоқановтың айтуынша, съезде партияның жаңартылған жарғысы бекітіліп, жаңа корпоративтік айдентикасы қабылданған. Оның сөзінше, бұл өзгерістер партия жұмысын заман талабына сай жетілдіруге және басқару тиімділігін арттыруға бағытталған.

Сонымен қатар партияның негізгі басымдықтары өзгеріссіз қалатыны атап өтілді.

Жаңа төраға алдағы уақытта партия алдында ауқымды міндеттер тұрғанын айтып, командамен бірге қойылған мақсаттарға қол жеткізуге ниетті екенін жеткізді.

Нұрсұлтан Шоқанов 1986 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Ол KIMEP университетінде «Қаржы» мамандығы бойынша білім алып, кейін Швейцариядағы IMD бизнес мектебінде Executive MBA дәрежесін тәмамдаған.

Еңбек жолын халықаралық Ernst&Young аудит компаниясында бастаған. Қазіргі таңда кәсіпкерлікпен айналысады. Сонымен қатар Қазақстан альпинизм және спорттық құзға өрмелеу федерациясының президенті қызметін атқарады.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.