KZNews.kz
Саясат

Ермұрат Бапи Назарбаевтың ұлына қатысты істі қайта қарауды талап етті

Ayzhan Sylanova

Оның айтуынша, зардап шеккен азаматтардан бірнеше шағым түскен. Бұған дейін де депутат бизнес пен жерді заңсыз тартып алу деректеріне байланысты Бас прокурорға сауал жолдаған.

Бапи 9 мың гектардан аса жерді жекешелендіру кезінде Қарасай ауданындағы бұрынғы Каменское зауыты жұмысшыларының үлесін Нұрбол Назарбаев иемденгенін айтты. Депутаттың сөзінше, бұл мәселе Бас прокурордың алдында көтерілсе де, әділ шешім шықпаған.

Жуырда Қарағанды тұрғыны да рейдерлік салдарынан бизнесінен айырылғанын айтып, көмек сұраған. 2022 жылы оның арызы негізінде қылмыстық іс қозғалғанымен, екі жылдан соң "қылмыс құрамы жоқ" деп жабылған.

Сондықтан Ермұрат Бапи Бас прокурордан істі қайта тергеуді және қоғамды оның нәтижесімен таныстыруды талап етті.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары