Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ермек Нарымбаев Алматы әуежайында ұсталды - прокуратура

Ермек Нарымбаев Алматы әуежайында ұсталды - прокуратура

Алауыздықты қоздырғаны үшін сотталған Ермек Нарымбаев Алматы әуежайында ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық прокуратураға сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Нарымбаев Алматы Халықаралық әуежайында Киев қаласынан келгеннен кейін ұсталған.

"Ол іздеуде жүрген. Айта кетейік, Нарымбаев ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бап "Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру" бойынша ұсталған болатын. Сот үкімін орындау мақсатында Ермек Нарымбаев тергеу изоляторына қамауға алынды", - делінген хабарламада.


Еске салайық, Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаев 2015 жылдың 12 қазанында ұсталған болатын. Оған себеп - олардың әлеуметтік желілерде ұлттық ар-намысты және қадір-қасиетті қорлау, ұлттық ар-намысты қорлау белгілері бар ақпаратты таратуы туралы ақпарат болған. Олардың тұратын жері бойынша прокурор санкциялаған тінту жүргізілді, соның нәтижесінде заттай дәлелдемелер алынды.
Автор
Еркебұлан