Бұған дейін Мәжілісте Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде болған депутат Айдос Сарым Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне ауысты, деп хабарлайды Kznews.kz жаңалықтар порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Өтінішті депутаттың өзі берген. 100 депутаттың 100-і де өтінішті қолдап дауыс берді. Осыған байланысты Айдос Сарым бір комитеттен екінші комитетке ауысты.
«Кеткеніне қуанып жатырсыздар ғой деймін (Әлеуметтік-мәдени даму комитеті мүшелеріне қарата). Комитет ауыстыруды Айдос Сарыммен тоқтайық. Су шығып жатса айтарсыздар», - деп күлді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.
(фото ашық ақпарат көздерінен)