KZNEWS.KZ
Саясат

Ерлан Қарин жаңа қызметке тағайындалды

Жарқын Омаров
Ашық дереккөз

Президенттің жарлығымен Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды kznews.kz.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген Ақорда ақпаратында.

Ерлан Қарин 2022 жылдан бері Мемлекеттік кеңесшісі қызметін атқарған еді.

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →