Қызылордададағы жантүршігерлік жол апаты: Күдіктіге қатысты тың дерек шықты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Евгений Кочетов жаңа қызметке тағайындалды

Евгений Кочетов жаңа қызметке тағайындалды
ашық дереккөз

Қазақстан Президенті Әкімшілігінде кадрлық ауыс-түйіс болды. Бұған дейін мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметін атқарған Евгений Кочетов Президент Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлайды kznews.kz.

Мемлекет басшысының тиісті өкімі 20 қазанда жарияланды.

Кочетов бұл қызметте Қанат Құлшымановты алмастырды. Ал Құлшыманов Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры болып тағайындалды.

Евгений Кочетов туралы не белгілі?

Евгений Кочетов 1988 жылы туған. Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген. Кейін Мәскеу мемлекеттік университетінде экономика магистрі дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2009 жылы «Нұр Отан» партиясында сарапшы және кеңесші болып бастаған. Сонымен қатар журналистика саласында жұмыс істеп, «Литер» және «Капитал» газеттерінде экономика тақырыбында жазған. Оның материалдары «Власть» және «Информбюро» басылымдарында да жарияланған.

Кочетов бизнес саласында да қызмет атқарған. Ол «Цесна» корпорациясы мен Kazakhstan Real Estate Group компанияларында басшылық лауазымдарды иеленген.

2016 жылы Орталық коммуникациялар қызметінің басшысы болып тағайындалып, бұл қызметті 2017 жылғы мамырға дейін атқарды. Кейін «Қазконтент» АҚ басқарма төрағасы болды. Сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының талдау институтында жұмыс істеп, «Медиа дамыту қорының» бас директоры қызметін атқарды.

2023 жылғы ақпанда Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды. Сол жылдың қарашасында ведомство қайта ұйымдастырылғаннан кейін мәдениет және ақпарат вице-министрі болды.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі