Бектенов: Қазақстанның кез келген азаматы цифрлық инвестор бола алады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ерлан Нысанбаев жаңа қызметке тағайындалды

Ерлан Нысанбаев жаңа қызметке тағайындалды
фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Қазақстанның бұрынғы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев премьер-министрдің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл ақпаратты Үкіметтің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды kznews.kz.

Ерлан Нысанбаев бұған дейін Экология және табиғи ресурстар министрі қызметін атқарған. Кейін бұл лауазымға Әлібек Қуантыров тағайындалды.

Нысанбаев 1961 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Еңбек жолын 1983 жылы бастаған. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген.

Әр жылдары коммерциялық салада және мемлекеттік органдарда қызмет атқарған. 2014-2019 жылдары ауыл шаруашылығы вице-министрі болды.

2019 жылғы шілдеден 2021 жылғы мамырға дейін Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметін атқарды. Ал 2023 жылдан бастап Экология және табиғи ресурстар министрлігін басқарды.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі