Қазақ өнерінің абызы атанған марқұм Асанәлі Әшімов жайлы әлеуметтік желіде ерекше жазба жарияланды, деп хабарлайды kznews.kz.
Әлеуметтік желіде өздерін "Әшімовтер" деп таныстырған парақшада Асанәлі Әшімовтің "Менің жанрым – күнделік" кітабындағы ой-толғамдары туралы пікір жарияланды. Туындыдағы актердің бар ойын, саналы ғұмырында көрген ғибраты мен өнегесін дәріптейді. Айта кетейік, бұл парақшада Асанәлі Әшімовтің өнер және өмір жолына арналған бірнеше әсерлі жазбалар бар.
"Асанәлі атамыздың "Менің жанрым – күнделік" кітабы – өмірден алынған шынайы ойлар мен терең толғаныстарға толы еңбек. Бұл кітапта автор өз басынан өткен сәттерді, өнер жолындағы тәжірибесін және адам ретінде түйген сабақтарын оқырманмен бөліседі. Кітаптағы әрбір ой кейінгі ұрпаққа арналғандай әсер қалдырады. Асанәлі атамыз өмірде де, өнерде де адалдықты, еңбекқорлықты және жауапкершілікті бірінші орынға қояды. Оның жазбаларынан атақ пен даңқтан бұрын адам болып қалудың маңызын түсінуге болады. Бұл еңбектен мен сабырлы болуды, өз ісіңе шын көңілмен қарауды және өткенге құрметпен қарауды үйрендім. Осындай кітаптар қазіргі жастарға бағыт-бағдар беріп, өмірге байыппен қарауға үйретеді. Сондықтан "Менің жанрым – күнделік" кітабы – кейінгі ұрпақ үшін ой салатын, тәлім беретін құнды шығарма деп ойлаймын", – делінген жазбада.