Спорт

Эрисланди Лара Жәнібек Әлімханұлының орнына шыққан жаңа қарсыласын тас-талқан етті

Эрисланди Лара Жәнібек Әлімханұлының орнына шыққан жаңа қарсыласын тас-талқан етті

Ал Гонсалес мансабындағы бесінші жеңілісіне ұшырады. 

Сан-Антонио қаласында (Техас, АҚШ) өткен бокс кешінде кубалық Эрисланди Лара (31-3-3, 19 KO) орта салмақтағы WBA әлем чемпионы атағын венесуэлалық Йохан Гонсалеспен (36-4, 34 KO) қорғады, деп хабарлайды kznews.kz.

12 раундқа жоспарланған айқас толық мерзімге созылып, Лараның айқын басымдығымен аяқталды. Қазылар алқасы бір ауыздан жеңісті кубалыққа берді – 118:108, 119:107, 120:106. Жекпе-жек барысында Лара қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді. Осылайша ол кәсіби рингтегі 32-ші жеңісіне қол жеткізіп, чемпиондық белдігін сақтап қалды. Ал Гонсалес мансабындағы бесінші жеңілісіне ұшырады. 

Еске салайық, Эрисланди Лараның бастапқы қарсыласы – WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы болуы тиіс еді. Алайда жекпе-жекке бірнеше күн қалғанда қазақстандық боксшының допинг сынамасынан тыйым салынған мельдоний заты табылып, кездесу шұғыл түрде тоқтатылған. Соның нәтижесінде Лараға жедел түрде жаңа қарсылас – Йохан Гонсалес ұсынылды.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz