KZNews.kz
Шоу-бизнес

Ерболат Құдайберген арнайы медицина мекемесіне жатқызылды

Торғын Абушахман
Видео кадры

Әнші Ерболат Құдайберген арнайы медицина мекемесіне жатқызылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Алматы қаласының полиция департаментінің мәліметінше, полицияға көпқабатты үйлердің бірінде тұратын тұрғындардан көршілерінің агрессивті мінез-құлық танытып, қоғамдық тәртіпті бұзып жүргені туралы өтініш түсті.

Учаскелік полиция инспекторы оқиға орнына жедел түрде барды. Ақпарат расталды: әнші адекватсыз күйде болып, агрессия көрсеткен және айналасындағылардың тыныштығына қауіп төндірген.

Азамат медициналық куәландырудан өткізу үшін жеткізілді.

Медициналық көрсеткіштерді ескере отырып және ықтимал қайталанатын құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында ол мамандардың бақылауымен 15 тәулікке арнайы медициналық мекемеге орналастырылды.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері оны ҚР ӘҚБтК-нің бірқатар баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Атап айтқанда, азаматтардың тыныштығы мен тынығуын бұзғаны, тіркеусіз тұрғаны, сондай-ақ қоғамдық орындарда азаматтарға тиісу фактілері бойынша.

Полиция әнші бұған дейін де қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті. 

Торғын Абушахман
Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →