Тоқаев Қытайдағы алапат жарылысқа байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Нешінші әйелі?”: Әнші Ерболат Құдайберген үйленді

“Нешінші әйелі?”: Әнші Ерболат Құдайберген үйленді
Фото: ozgeris.info

Белгілі әнші Ерболат Құдайберген шаңырақ көтерді. Бұл туралы оның жары Зәуре Құдайберген әлеуметтік желіде жариялады. Желіде тараған видеода жұп неке куәлігін ұстап түскен, деп хабарлайды kznews.kz Ozgeris.info сайтына сілтеме жасап.

Кадрда: «Біз бүгін ресми түрде ерлі-зайыпты атандық» деген жазу көрсетілген.

Желі қолданушылары бұл жаңалықты қызу талқылап, түрлі пікір қалдырған. Кейбірі әншіні құттықтап, «Бақытты болыңыздар!» деген тілектерін жаудырса, енді бірі Ерболаттың бұрынғы отбасы туралы еске салған.

Пікірлер арасында: «Нешінші әйелі?» «Әйелі бар емес пе еді?» «Бұл менің сыныптасым Айгүлге үйленген еді ғой, 4 баласы бар қателеспесем» деген пікірлер көп кездескен.

Ал кейбір оқырмандар: «Ал келінжан бақытты болыңдар» «Мына әнші енді үйленді ме?» деп жас жұбайларға ақ тілегін білдірген. Сонымен қатар желіде гүл шоғына қатысты да әзіл пікірлер тарады.

Айта кетейік, Ерболат Құдайберген бұған дейін де жеке өміріне байланысты бірнеше рет ел талқысына түскен еді. Соңғы айларда әншіге қатысты түрлі видео мен қауесеттер тараған болатын.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/281066-4-balasy-bar-ansi-erbolat-qudaibergen-uilendi

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.