Жолы болмағандар! – Трамп АҚШ медиасын сынап тастады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ерболат Досаев тағы бір қызметінен айырылды

Ерболат Досаев тағы бір қызметінен айырылды
Алматы қаласының әкімдігі. Суретте: Ерболат Досаев

Президент әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары Ерболат Досаев "Бәйтерек ұлттық инвестициялық холдингі" директорлар кеңесінің құрамынан шықты. Бұл туралы Қазақстан қор биржасында (KASE) жарияланған ақпаратта айтылған, деп хабарлайды kznews.kz.

Мәліметке сәйкес, директорлар кеңесінің құрамын өзгерту туралы шешім 2026 жылғы 7 сәуірде қабылданған. Айта кетейік, Ерболат Досаев аталған холдингтің директорлар кеңесіне биыл қаңтар айында ғана кірген болатын.

Қазіргі таңда директорлар кеңесінің құрамында Премьер-министр Олжас Бектенов, оның бірінші орынбасары Роман Скляр, сондай-ақ Серік Жұманғарин, Мәди Такиев, Ерсайын Нағаспаев, Рустам Қарағойшин, Дэниель А. Витт, Мэри-Елен Берар және Манфред Грундке бар.

Еске салайық, 25 наурыз күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерболат Досаевты Президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатқан еді. Ол бұл қызметте шамамен алты айға жуық уақыт жұмыс істеді.

Ерболат Досаев Президент әкімшілігіне 2025 жылғы 19 қыркүйекте тағайындалған. Оған дейін Алматы қаласының әкімі қызметін атқарған.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер