Ерболат Досаев «Самұрық-Қазына» қорының директорлар кеңесі құрамынан шығарылды, деп хабарлайды kznews.kz.
Бұл шешім қордың жалғыз акционері тарапынан қабылданып, 2026 жылғы 25 наурызда бекітілген. Қазіргі таңда директорлар кеңесінде алты адам қалды, олардың қатарында Олжас Бектенов, Болат Жәмішев және басқа мүшелер бар.
Айта кетейік, осы күні Қасым-Жомарт Тоқаев Ерболат Досаевты Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен де босатқан болатын.