Шоу-бизнес

Ер азамат биші қызға ақша бергені үшін айыппұл төледі

Ер азамат биші қызға ақша бергені үшін айыппұл төледі
Ер азамат биші қызға ақша бергені үшін айыппұл төледі

Тәжікстанның оңтүстігінде Шамсиддин Шохин ауданының соты Youtube жұлдызы Кадами Курбонға "Салт-дәстүрлер тәртібі туралы " заңды бұзғаны үшін 3 мың сомони (300 доллар) айыппұл салды.

Шамсиддин Шохин ауданының Чагам ауылының 48 жастағы тұрғыны Кадами Курбон әзіл-сықақ әндерімен танымал болды. Оны жүз мыңдаған көрермен Интернет арқылы тамашалайды. Аудандық соттың жауапты қызметкері Бобомурод Наджмиддинзоданың хабарлауынша, Кадами Курбон баласының үйлену тойында биші қызға ақша ұстатқан. Тәжікстанда "Салт-дәстүрлер туралы" заң үйлену тойлары мен салтанатты кештерде биші қыздарға ақша беруге тыйым салады.

"Кадами Курбонның заң бұзғаны туралы видео Интернетке жүктелген", - деді Наджмиддинзода. Оның айтуынша, судья Курбонға он күн ішінде айыппұл төлеуге міндеттеген. "Кадами Курбон сот шешіміне қарсы шықпады", - деді аудандық сот қызметкері.

​Кадами Курбон ұлының үйлену тойында биші қызға ақша ұстатқанын мойындады. "Бірақ ол видеоның интернетке қалай түскенін білмеймін", - деді сықақшы.

Дереккөз: centralasian.org

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz