KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

“Ер адамдардың бәрі құшақтай береді”: Алтынай Жорабаева той қонақтарына үлкен ренішін білдірді

• Айжан Сыланова

Әлеуметтік желіде танымал әнші Алтынай Жорабаеваның тойдағы видеосы қызу талқыға түсті, деп хабарлайды kznews.kz.

Бейнежазбада әншінің өзімен суретке түсу кезінде ер адамдардың құшақтай беретініне реніш білдіргені байқалады. Ол мұндай әрекеттің орынсыз екенін айтып, той қонақтарына ескерту жасаған.

«Құшақтамай да суретке түсуге болады ғой. Ер адамдардың бәрі келіп құшақтай береді. Сіздердің әйелдеріңізді бөтен еркектер осылай құшақтаса, ұнай ма?» – деді әнші.

Желі қолданушылары бұл пікірге қатысты түрлі көзқарас білдіріп, видео көптің талқысына түсті.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →